×

Атырауда төбелестен көз жұмған ер адамға қатысты тың дерек шықты

Қаза тапқан жігіт Павлодардан мектепті жөндеуге келген

 Халық үні 22.01.2024 | 23:26
фото: lada.kz

Атырауда төбелестен көз жұмған жас жігітке қатысты тыңдерек шықты. Оқиға қаладағы Авангард ықшам ауданында болған. Куәгерлердің айтуынша, алғашында пәтерден шу шыққан. Кейін жігіттер төбелесті далада жалғастырған, деп хабарлады Астана телеарнасы. 

Телеарнаның хабарлауынша, қазір оқиға болған аулада қылмыстың еш белгісі жоқ. Көршілерінің айтуынша, алғашында жас жігіттердің әрекеті әзіл секілді көрінген. Екі жігіт төбелесіп жүргенде, үшіншісі келіп, бас жағынан ұрып қалған. Қолында ұзын таяғы болды, - дейді. Жас жігіт содан ес жимаған. Көршілерінің сөзіне сенсек, олар қаладағы мектептердің бірін жөндеуге Павлодар қаласынан келіпті. Атырауда үй жалдап тұрған көрінеді.

Есік алдына шықсам, полицияның 12 көлігі тұрған шығар, адам толып жүр. Шошып кеттім. Анау орындықта беті жабылған адам жатты. Өзім көрмедім. Көршілер оларды ойнап жүр деп ойлаған. Үшіншісі таяқпен атып шығыпты, таяқты басында бір нәрсе болды,- деді. Басына тиген болып тұр ғой, шамасы. Көршілер арасында қыздар болған, - деді. Қызғаныш болды ма екен, ол жағын білмедім, - дейді қала тұрғыны Ваделя Сапарова. 

Телеарнаның хабарлауынша, жанжалдың неден шыққаны әзірге белгісіз. 30 жастағы Павлодар қаласы тұрғынының өліміне күдікті - оның 41 жастағы жерлесі.

Аталған дерек бойынша Қылмыстық Кодекстің 106-бабы «Адам өміріне қасақана зиян келтіру» дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, - дейді облыстық ПД баспасөз хатшысы Мейірім Ердәулет.

Күдікті уақытша тергеу изоляторында қамауға алынған. Сараптама тағайындалып, тергеу басталды. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама