×

«Зейнеткерлерге мемлекеттен 50 мың теңге беріледі»: министрлік ақпаратқа түсініктеме берді

Мессенджерлерде зейнеткерлерге материалдық көмек төленетіні туралы жалған ақпарат таралуда

 Халық үні 22.01.2024 | 19:40
фото: Владимир Третьяков

Зейнетақысы 140 мың теңгеден аспайтын зейнеткерлерге мемлекеттен 50 мың теңге мөлшерінде біржолғы төлем берілетіні туралы мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде тараған ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.

Мессенджерлерде зейнеткерлерге материалдық көмек төленетіні туралы жалған ақпарат таралуда. Тағайындалған қаражатты алу үшін белгісіз адамдар Халыққа қызмет көрсету орталығына хабарласып, №2 нысанды толтыруды ұсынады.

Аталған материалдық көмек түрі жоқ екенін және мемлекеттік қолдаудың тиісті шаралары туралы ресми ақпарат тек қана 1414 нөмірінен СМС-хабарламалар арқылы таратылатыны хабарлаймыз.

Азаматтардан тек ресми көздердегі ақпаратты пайдалануын сұраймыз.

Жалған ақпаратты тарату заңмен жазаланатынын естеріңізге саламыз.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама