×

Наурызда жолға шығатын пойыз билеттері ақпанда сатыла бастайды – ҚТЖ

Пойыз қозғалысына өзгеріс енгізілді

 Дәурен Ерболат 22.01.2024 | 17:56
Фото: «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы

Наурыздың билеттері ақпаннан бастап сатылады, деп хабарлады «Қазақстан теміржолы» ұлттық компаниясы.

Биылға жоспарланған темір жолдарды жөндеу ауқымын ескеріп, пойыз қозғалысының кестесіне түзету жүргізіліп жатыр. Наурызға пойыз билеттерін сату ақпанда ашылады, - деп жазылған хабарламада.

Қаңтар және ақпанның билеттері әдеттегідей сатылады.

Жолаушылар пойыздың қозғалыс кестесі бойынша қосымша ақпаратты 1433 нөміріне хабарласып, біле алады. Қоңырау шалу – тегін, - деп жазылған хабарламада.

Биыл ҚТЖ шамамен 1 400 шақырым темір жолды жөндеуді жоспарлап отыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама