×

Атырауда төбелестен ер адам көз жұмды

Қазір оқиғаға байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру болып жатыр

 Дастан Жұмабекұлы 22.01.2024 | 14:18
Фото: lada.kz

Атырау қаласында төбелес кезінде ер адам көз жұмды, деп хабарлады lada.kz.

Төбелес «Авангард» ауданында 1983 жылы және 1994 жылы туған ер адамдар арасында болған. Сол кезде 1994 жылы туған жігіт қайтыс болды.

Қазір оқиғаға байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы 3-бөлігі («Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама