×

«Қазақтелеком» бәсекелестікті қорғау заңнамасын бұзды деп айыпталды

Компания өзге байланыс операторлары салған желілер мен телефон желілерін пайдаланбауға келіскен

 Еркеғали Болатұлы 22.01.2024 | 11:35
фото: «Қазақтелеком» АҚ

«Қазақтелеком» компаниясы бәсекелестікті қорғау заңнамасын бұза отырып, келісім жасады деп айыпталды.

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің ақпараты бойынша, «Қазақтелеком» Btcom infocommunications компаниясымен тікелей келісімге отырып, тек «Қазақтелекомның» телекоммуникация қызметін алуды, яғни өзге байланыс операторлары салған желілер мен телефон желілерін пайдаланбауға келіскен. 

Екі компаниядан да жасалған келісімнен жоғарыда аталған ережелерді алып тастау талап етілді. Қос компания агенттік ескертулерін орындаған.

Департамент «Қазақтелеком» АҚ-ның бәсекелестікті қорғау заңнамасын бұзғанын анықтап, ескерту жіберді. Компания департаменттің талабын орындады, - деп атап өтті Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті тергеу бөлімінің жетекшісі Жанар Әшім. 

Қазір «Қазақтелеком» қазақстандықтарды GPON технологиясы бойынша заманауи цифрлық қызметпен қамтамасыз етуді жалғастырып жатыр. Жыл басынан бері компания тек Астананың өзінен 25 мыңға жуық отбасын қуантып, Степногорск қаласында 2 мыңнан астам абонентті «мыс» желісінен «оптикаға» ауыстырған. Одан бөлек, Пригородный кентінде де 2 бес қабатты үйді кең жолақты интернетпен қамтамасыз еткен.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама