×

Солтүстіктегі 700 мың гектар жер латифундистердің қолында – қоғам белсендісі

СҚО-да шамамен 80-жуық ауыл «болашағы жоқ» деп танылған

Солтүстікті қазақыландыруға атсалысып жүрген қоғам белсендісі Жанат Мұхамеджанов жергілікті билік оңтүстіктен көшіп келушілерді жарылқай алмай отырғанын мәлімдеді. Бұл туралы ол «Сұрауы бар» Youtube арнасына берген сұхбатында айтты. 

«Оңтүстіктен келгендердің көбінің сұрайтындары -  не егін еккісі келеді, не жайылым жер сұрайды. Өкінішке орай бүгінгі күні жер туралы нақты мәлімет жоқ. Қай жер бос, қай жерге егін егу керек? Барлық жер бос емес деп айтады», -  дейді белсенді.

Мұхамеджан өңірдің шұрайлы жерлерін алып алған ат төбелендей ғана есімдері белгісіз азаматтардың солтүстікке ешқандай қатысы болмауы да мүмкін екенін алға тартып отыр. Солтүстік Қазақстан облысында шамамен 80-жуық ауыл «болашағы жоқ» деп танылып, жабылудың алдында тұр. Десе де бұл жәйт жайылым мәселесін шешпей отырған көрінеді. 

«Үлкен жерлер - 700 мың га жерді латифундистар ұстап отыр. Өздері Астанада, не Алматыда отырады. Бізде ауылдар азайғанымен, бір қызығы, жайылымдық жерлер де тарылып кеткен», - деді ол. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама