×

Канвон-2024: жасөспірімдер олимпиадасындағы тарихи алтын

Қазақстандық спортшы 38 қарсыласынан озып шықты

 Динара Амантай 20.01.2024 | 12:01
Фото: qaz_olympics

Шаңғымен тұғырдан секіру сайысында 38 қарсыласпен сынға түскен Илья Мизерных чемпион атанды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Спортшылардың орналасуы келесідей болды:

  • Илья Мизерных — 214 ұпай (Қазақстан)
  • Ники Хаммл — 210,7 ұпай (Аустралия)
  • Лукаш Лукащук — 209,7 ұпай (Польша)
  • Илья Шильников — 124,4 ұпай (Қазақстан)

Илья Мизерных — 2007 жылы 2 шілдеде Алматы қаласында дүниеге келген. Шаңғымен тұғырдан секіру бойынша ҚР спорт шебері. 2023 жылы «Азия балалары ойындары» халықаралық жарысында топ жарған.

Айта кетсек, бұл – ел тарихындағы қысқы жасөспірімдер Олимпиадасындағы алғашқы алтын. Бұған дейін жерлестеріміз 3 Олимпиадада 1 күміс, 4 қола жүлде алған еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама