×

Шымкентте ескерту жарияланды

Жүргізушілер жол ережесін қатаң сақтап, сақ болуға тиіс

 Дәурен Ерболат 19.01.2024 | 14:50
Фото: Tengrinews.kz

Шымкентте ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлады қалалық ТЖД.

«Қазгидромет» РМК Түркістан облысы бойынша филлиалының мәліметінше, қаладағы ауа райы тұрақсыз болады.

Биыл 19 қаңтарда Шымкентте ауа райының қолайсыздығына байланысты дабылды ескерту жарияланды. Бұл күні көктайғақ болып, тұман түседі. 20 қаңтарда да тұман болады, - деп жазылған хабарламада.

Еске сала кетсек, бұған дейін Шымкентте жер сілкініп, ТЖД тұрғындарды сақ болуға шақырған еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама