×

Салық органы Германияның инвесторына негізсіз айыппұл салған – прокуратура

Кәсіпкерлерде проблема болса, +77051291140 нөміріне хабарласа алады

 Дастан Жұмабекұлы 19.01.2024 | 11:03
Фото: gov.kz/Ақмола облысының прокуратурасы

Прокуратура мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша маңызды инвестициялық жобаларға кедергі келтіріп жатқан салық органдарының заңсыз әрекеттерін әшкерелеп жатыр.

Осыған байланысты Ақмола облысының прокурорлары фронт-офис базасында инвесторлармен тұрақты негізде кездесулер ұйымдастырып келеді. Ал кеше осы жұмыс аясында Германияның Rubber Technical Items компаниясының өкілдері прокурорларға салық органының кедергі келтіріп жатқанын айтып, көмек сұрады.

Бұл компания автомобильдер мен ауылшаруашылығы техникаларына арналған қосалқы бөлшектер шығару жобасымен айналасады. Осы жобаны іске асыру кезінде инвесторда проблема болған. Прокуратура анықтағандай, салық органы инвесторға 25 млн теңге кедендік баж, ҚҚС мен өсімпұл есептеп жіберген. Салық органының хабарлауынша, қосымша есептеу үшін тауарлар туралы сертификаттарда кейбір деректер болмаған көрінеді. Ал инвестордың айтуынша, салық органына қажетті деректер жетіспейтін тауардың шығу тегі туралы сертификаттарды ұсынған.

Осыған қарамастан, салық органы оларды ескермеген.

Қазір прокурорлық қадағалау актісі бойынша кедендік тексеру қорытындылары бойынша негізсіз қосымша есептелген сома алынып тасталды. Инвесторлар мен кәсіпкерлерде проблема болса, прокуратура органдарына +77051291140 нөмірі арқылы хабарласа алады, –  деп хабарлады Ақмола облысының прокуратурасы.

Сонымен бірге облыстық қадағалау органы бизнестің мүддесін қорғау мақсатында инвесторлар мен кәсіпкерлердің құқығын қорғау жөніндегі мобильді топ пен CALL-орталық жұмыс істейтінін ескертті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама