×

Ақмола облысының прокуратурасы тұрғын үй салу кезіндегі қылмысты анықтады

50 млн теңгеден астам қаражат ұрланған

 Дастан Жұмабекұлы 18.01.2024 | 11:55
Фото: Halyq Uni

Көкшетауда қалалық соттың үкімімен құрылысқа тапсырыс берушінің өкілі ретінде үйді қабылдап, 50 млн теңгеден астам қаражатты ұрлап, мердігерге аяқталмаған жұмыс үшін ақша төлеген құрылыс басқармасы бастығының орынбасары 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен бірге мердігер ұйымның басшысы 7 жылға, нысан құрылысын техникалық жағынан қадағалаған сарапшы 2 жылға сотталды.

Үкімге Ақмола облысы прокуратурасының құрылыс басқармасының қызметін тексерген кездегі жұмысы негіз болды. Осылайша, сотталған азаматтардың Щучье қаласында құрылысы аяқталмаған 100 пәтерлі тұрғын үйді пайдалануға рұқсат бергені анықталды. Олар бір-бірімен ауыз жаласып, 50 млн теңгеден астам сомаға жобалық-сметалық құжаттамаға рұқсат берген. Бұл құжаттан көптеген кемшіліктер анықталған, – деп хабарлады Ақмола облысының прокуратурасы.

Прокуратураның материалдары Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4 бөлігі («Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу  немесе талан-таражға салу») бойынша СДТБТ-да тіркелді.

Сотта күдіктілердің кінәсі толығымен дәлелденіп, іс бойынша айыптау үкімі шығарылды.

Сонымен қатар, үкімге облыс прокуратурасы наразылық білдіріп, сотталғандарға мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыру түрінде қосымша жаза тағайындалды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама