×

Маңғыстауда мұғалім оқушыларды таяқпен тәртіпке салғаны үшін жұмыстан шығарылды

Әлеуметтік желіде тараған видеодан мұғалімнің қолына таяқ ұстап, оқушыларды жазалап жатқанын байқауға болады

 Халық үні 18.01.2024 | 06:50
Фото: Halyq Uni

Оқиға осыдан екі күн бұрын Мұнайлы ауданындағы жекеменшік мектепте болған, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.

Әлеуметтік желіде тараған видеодан мұғалімнің қолына таяқ ұстап, оқушыларды жазалап жатқанын байқауға болады. Осылайша ол сынып ішін аралап, біртіндеп ұл балалардың алақанынан ұрған. Сондай-ақ тағы бір оқушының бұрышта тұрғанын көруге болады. Облыстық білім басқармасы мұғалімге қатаң сөгіс беріліп, жұмыстан босатылғанын хабарлады.

«Оқытушы – төрт ай жұмыс өтілі бар жас маман, бастауыш сынып мұғалімі. Мұғалімге әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалды, сондай-ақ негізгі бұйрыққа сәйкес «қатаң сөгіс» тәртіптік шарасы тағайындалды. 2024 жылдың 17 қаңтарында жұмыстан босатылды», - делінген Маңғыстау облыстық білім басқармасының хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама