×

Хоккейден ӘЧ: Қазақстанның қыздар құрамасы алғашқы жеңісіне жетті

Осының арқасында еліміздің хоккейшілері топтан шығу мүмкіндігіне ие болды

 Дастан Жұмабекұлы 17.01.2024 | 13:25
Фото: instagram.com/kazakhstanhockey

Нидерланд Корольдігінің Херенвен қаласында хоккейден 18 жасқа дейінгі қыздар арасында өтіп жатқан әлем чемпионатының ІІ дивизионында Қазақстан құрама командасы алғашқы жеңісіне жетті.

Қазақстан құрамасы А тобында Түркия командасының қақпасына жауапсыз 6 шайба салып, алғашқы ұпайын алды. Осының арқасында еліміздің хоккейшілері топтан шығу мүмкіндігіне ие болды.

Бірінші турда Қазақстан Ұлыбритания құрамасымен кездесіп, 0:4 есебімен жеңілген болатын. 

Жалпы ІІ дивизионда Қазақстан, Қытай, Латвия, Нидерланд, Ұлыбритания мен Түркия командалары қатысып жатыр. 

Қазақстан енді 18 қаңтарда Латвиямен, сосын Қытай және Нидерландымен ойнайды. Бұл құрамалармен ойын 21 қаңтарда, бір күнде болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама