×

«Асырап алған адам бір кісіге қомақты қаржы берген»: Қымбат Досжан қазақ баласына қатысты тың деректі жариялады

Арқалық қаласының балалар үйінен 2000-2004 жылдары аралығында 80-нен астам баланы шетелдіктер асырап алғаны мәлім болды

 Халық үні 16.01.2024 | 21:40
фото: әлеуметтік желіден

«Бармысың, бауырым?» хабарының жүргізушісі Қымбат Досжан бельгиялық отбаы асырап алған қазақ баласының туған анасын іздеу барысындағы тың деректерді жариялады.

Айтуынша, Арқалық қалалық полиция басқармасына Бельгия азаматы Жанни Эдди Савельевтің атынан және Қазақстандағы заңды өкілі ретінде өз атынан сотқа дейінгі тергеп-тексеру бойынша арыз беріліп, іс қозғалған. Алайда, қылмыстық іс қандай да бір қылмыстық құқық бұзушылық құрамы болмауына орай қысқартылған. Арқалық балалар үйінен 80-нен аса бала шетел асқан.

«Асырап алған бельгиялық әйел Қазақстанға келмей тұрып, Жәнібек Жұмағұловтың суреті мен жеке мәліметін электронды пошта арқылы алғанын мәлімдеді. Одан бөлек асырап алған адам Арқалыққа келгеннен кейін бір кісіге қомақты қаржы бергенін де айтты. Осы оқиғаны зерттеу барысында Арқалық қаласының балалар үйінен 2000-2004 жылдары аралығында 80-нен астам баланы шетелдіктер асырап алғаны мәлім болды. Бұл балалардың барлығы заңды түрде шетел асты ма екен?», - деп күдіктенеді журналист.

Журналист аталған деректерді негізге алып, бала саудасы бойынша қылмыстық іс қозғау үшін Бас прокурорға хат жолданғанын мәлімдеді.

«Жоғарыдағы мәліметтерде ескере отырып, біздегі сараптама және зерттеу қорытындыларын негізге ала отырып, Арқалық қалалық полиция басқармасында қозғалып, кейін тоқтатылған істі тек салғырттық бабы бойынша емес, кәмелетке толмағандардың саудасы бойынша қайта қозғалуын сұрап, еліміздің Бас прокурорына сауал жолдадық. Редакция Парламент мәжілісінің депутаты Абзал Құспанмен де жолығып, заңгерлік кеңес алды. Депутат бұл маңызды мәселе де бұдан әрі қарай да көмек беретінін айтты», - дейді Қымбат Досжан.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама