×

Ақтауда ер адам ұзындығы 15-18 сантиметрге дейінгі арматура сынықтарын жұтып қойған

Темір бөлшектер хирургиялық операция көмегімен алынды

 Динара Амантай 25.05.2022 | 17:17
Фото: lada.kz

Облыстық көпсалалы аурухана баспасөз қызметінің мәліметінше, 29 жастағы жігіт ауруханаға ішінің жоғарғы бөлігіндегі ауру сезіміне шағымданып түскен. Науқасқа іш қуысының рентгенографиясы тағайындалып, жедел тексеруден кейін оның ішінен ұзындығы 15-18 сантиметрге дейінгі бөгде денелер анықталды.

Біз аз инвазивті эндоскопиялық ота жасадық. Бейнеэзофагогастродуоденоскопияның көмегімен денеден бөгде заттар шығарылды. Оның ішінде әртүрлі ұзындықтағы арматура, алюминий қасық сабы болды. Кеңестің шешімімен науқасқа хирургиялық ем тағайындалды. Операцияның ұзақтығы 30 минутты құрады, – деп мәлімдеді эндоскопист Бауыржан Танауов.

Операция сәтті аяқталып, қандай да бір асқынулар байқалмады. Жағдайы тұрақтанғаннан кейін 29 жастағы науқас амбулаторлық емге және бақылауға шығарылды. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама