×

Ресейлік компания Қазақстанда 3 жылу электр орталығын салады: жобалардың құны қанша?

Жылу электр орталықтары Көкшетау, Семей және Өскеменде салынады

 Дәурен Ерболат 16.01.2024 | 15:05
фото: Halyq Uni

«Самұрық-Энерго» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі Қайрат Мақсұтов ресейлік компанияның Қазақстанда 3 жылу электр орталығын салуға қанша ақша жұмсауды жоспарлап отырғанын айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Жылу электр орталықтарын «Интер РАО-Экспорт» компаниясы салады. 

Қазір жобаның құнын айта алмаймыз. Бұл мемлекеттік сараптамадан өткеннен кейін белгілі болады. Смета болмаған кезде индикативті деп аталатын құн бар. (Үкіметтегі) слайдта көрсетілген болжамды сома – 330 млрд теңге, әрбір ЖЭО-ға 270 млрд теңгеден жұмсалады, - деді Қайрат Мақсұтов Үкіметтің баспасөз орталығында.

Алайда Үкімет отырысында көрсетілген слайдта алдын ала болжам бойынша басқаша мәлімет (сан) көрсетілген:

  • Көкшетаудағы ЖЭО – 347 млрд теңге;
  • Семейдегі ЖЭО – 420 млрд теңге;
  • Өскемендегі ЖЭО – 490 млрд теңге.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама