×

Өткен тәулікте төтенше жағдайдан тағы 153 адам құтқарылды

ТЖМ құрылымдары 93 өртті сөндіріп, 76 рет жоғалған адамдарды іздестірді

 Дастан Жұмабекұлы 16.01.2024 | 12:15
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

Өткен тәулікте Төтенше жағдайлар министрлігінің құрылымдары еліміздің барлық жерінде аязда қар құрсауында қалған жолаушылар мен өрт қауіпсіздігін сақтамаған адамдарды ажалдан аман алып қалу үшін 169 рет көмекке келді.

Олар 93 рет өртті сөндіріп, 76 рет жоғалған адамды іздестірді. Сонымен бірге апаттық-құтқару және басқа да жұмыстармен айналысты. Боранда қалған 153 адам құтқарылып, қауіпсіз жерге орналастырылды.

Төтенше жағдайлар министрлігі тағы да азаматтарды өрт қауіпсіздігі шараларын сақтап, дабылды ескертулерді, ауа райының өзгеруін, жолдардың жабылуы туралы хабарламаларды бақылап, алыс сапарларға шықпауға шақырды.

15 қаңтарда ТЖМ құрылымдары 375 адамды құтқарды. Оның ішінде 77 бала болды. 453 адам қауіпсіз жерге жеткізілді. Олардың арасында 41 бала да болған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама