×

Павлодар облысында аязда қалған жолаушылар құтқарылды

Жолда көлік бұзылып қалған

 Дәурен Ерболат 15.01.2024 | 10:48
Фото: Sputnik / Александр Кряжев

Павлодар облысында аязды күні далада қалған 4 адам құтқарылды, деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Биыл 14 қаңтарда олар аязға қарамастан Павлодар қаласынан Ертіс ауданына қарай жолға шыққан.

Қарақұдық ауылдық округі Ынтымақ ауылының маңында жолаушылар отырған көлік сынып қалған. Жолаушылар әрі қарай жүре алмаған. 2 жолаушы Ертіс ауданына жолға шығып,  құтқарушыларды шақырған. Олар тоңып қалған адамдарды Ертіс ауылына эвакуациялады, - деп жазылған хабарламада.

4 адам да Ертіс ауданында тұрады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама