×

Астана әуежайында 11 рейс уақытынан кешіктіріліп, 3 рейс тоқтатылды

Әуеайлақтағы ауа температурасы – 18С

 Динара Амантай 14.01.2024 | 13:34
Фото: nqz_airport

Бүгін Астана халықаралық әуежайында 11 рейс кешіктіріліп, Астанадан Алматыға, Жезқазған және Түркістанға ұшатын 3 рейс әуекомпанияның шешімімен тоқтатылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Астана халықаралық әуежайының баспасөз қызметінің мәліметінше, кешіктірілген және тоқтатылған рейстер метео жағдайға байланысты емес.

Астана әуежайында қазір ұшу және қонуға қолайлы ауа-райы сақталып отыр. Әуеайлақтағы ауа температурасы – 18С. Желдің жылдамдығы – 12м/с.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама