×

Лай Циндэ Тайвань президенті болып сайланды

Ол 40,2 пайыз дауыс жинады

 Дастан Жұмабекұлы 14.01.2024 | 13:02
Фото: Ann Wang / Reuters

Тайвань әкімшілігінің басшысын сайлауда Демократиялық прогрессивті партияның (ДПП) жетекшісі Лай Циндэ жеңіске жетті.

Алдын ала болжам бойынша, ол 40,2 пайыз дауыс жинап, қарсыластарынан айтарлықтай озып тұр. Алайда Орталық сайлау комиссиясы сайлаушылардың қатысуы туралы әзірге ақпарат берілмеді.

Сайлауда 33 пайыз дауыс жинаған Гоминдан партиясының өкілі Хоу Юи сайлаудағы өзінің жеңілісін мойындап Лай Циндэні жеңісімен құттықтап үлгерді. 26,3 пайыз дауыс жинаған Тайвань халықтық партиясының (TXP) негізін қалаушы әрі жетекшісі Ке Вэнже де жеңілгенін мойындады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама