×

Ақтауда көлік жарылды (ВИДЕО)

Мамандар оқиғаның себебін анықтап жатыр

 Дәурен Ерболат 12.01.2024 | 14:04
Фото: Маңғыстау облысы ТЖД

Ақтау қаласында Daewoo Nexia жеңіл көлігі жарылды, деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Бүгін таңғы сағат 09:37-де өрт туралы хабар түскен.

№29 шағын аудандандағы 22/1 үйдің маңында Daewoo Nexia автокөлігі өртене бастады. Құтқарушылар келгенге дейін көліктегі газ балоны жарылды. Жарылыстан ешкім зардап шекпеді. Өрт сағат 09:46 толық сөндірілді, - деп жазылған хабарламада.

Оқыс оқиғаның себебі анықталып жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама