×

Пара таеквондошылар Паралимпиадаға үш лицензия алды

Нұрлан Домбаев, Нышан Өмірәлі мен Кәмиля Досмалова Парижде өтетін Ойындарға қатысады

 Дастан Жұмабекұлы 12.01.2024 | 12:16
Фото: sport-mektebi.kz

Паралимпиада ойындарының квалификациялық регламентіне сәйкес К44 санатында 80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде пара таеквондошымыз  Нұрлан Домбаев, 80 келіден аса салмақтағы Нышан Өмірәлі мен 57 келіге дейінгі салмақтағы Кәмиля Досмалова биыл Париж қаласында өтетін Паралимпиялық ойындардың жолдамасын жеңіп алды.

Пара таеквондошылар ТОП-20 үздік спортшының қатарына кірді.  

Бүгінгі күнге дейін Қазақстанның пара спортшылары Паралимпиадаға 5 лицензияға ие болып отыр. Олар пара жеңіл атлетика, пара пауэрлифтинг, волейболды отырып ойнау, пара каноэ мен пара жүзуден Ойындарға қатысады.

Еске сала кетсек, Токиода өткен Паралимпиадаға Қазақстан ұлттық құрамасынан 25 спортшы қатысып, 5 медаль (1 алтын, 3 күміс және 1 қола) жеңіп алды. Ұлттық құрама жалпыкомандалық есепте 48-орынға ие болды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама