×

Қарағандының жылу желілерінде де апат болды

Ақауды жоюға 2 апаттық бригада, 8 техника жұмылдырылды

 Еркеғали Болатұлы 11.01.2024 | 12:00
фото: loftecomarket.ru

Кеше кешке Қарағандыдағы жылу желілерінде апат болды. Ақау электр кернеуінің тұрақсыз болуының себебінен шыққан.

Оқиғаның мән-жайын «Теплотранзит Қарағанды» ЖШС айтып берді.

Электр кернеуінің тұрақсыз болуының себебінен Дүйсембеков көшесіндегі «Панель-Центр» жылу сорғы станциясында қысқа мерзімді тоқтатулар мен сорғы агрегаттарының өздігінен іске қосылуы болды. Қысымның күрт көтерілуі салдарынан гидросоққы пайда болып, Әшімов көшесінде ақау шықты, - деп жазылған ресми ақпаратта.

Қазір «Теплотранзит Қарағанды» ЖШС ақаудың сипатын анықтау мақсатында су сору жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Ақауды жоюға 2 апаттық бригада, 8 техника жұмылдырылды.

Жұмыс жедел режимде жүргізіліп жатыр. Тұтынушылар жылудың нашарлатылған резиміне ауыстырылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама