×

Қарағандыдан Теміртауға дейін жолаушылар тегін тасымалданады – ҚТЖ

Аталған учаскеде автомоиль жолы жабылды

 Динара Амантай 11.01.2024 | 09:09
Фото: transportpedia.org

Қарағандыдан Теміртауға дейн жолаушылар тегін тасымалданады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Қолайсыз метеорологиялық ауа райы жағдайларына байланысты, Қарағанды–Теміртау учаскесінің автомобиль жолында шектеу енгізілді. Осыған байланысты, «Жолаушылар тасымалы» АҚ Қарағанды станциясынан №6869 Ақадыр-Теміртау пойызымен Теміртау станциясына дейін жолаушыларды тегін отырғызу іске асырылатынын хабарлады.

Барлық азаматтардан өз қауіпсіздігін қамтамасыз ету және осындай ауа райында сапарлаудан бас тарту сұралады.

Анықтамалық ақпаратты 1433 тегін нөмірі және Ktzh_pp_bot Telegram боты арқылы алуға болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама