×

Шымкенттік полицейлер джиу-джитсудан Еуропа чемпионатында бірінші орын алды

Шілдеде спорт шеберлері Әлемдік полиция ойындарында бақ сынайды

 Динара Амантай 25.05.2022 | 11:12
Коллаж: Halyq Uni

Испания мемлекетінің Мальграт-де-Мар қаласында 11-20 мамыр аралығында ересектер арасында жауынгерлік джиу-джитсу бойынша Еуропа чемпионаты өтті. Жарысқа 17 мемлекеттің 350-ге жуық спортшысы қатысты.

Қазақстаннан барған спортшылар арасында Шымкент қаласы Полиция департаменті Оқу-жаттығу взводының аға инспекторы полиция майоры Ғалымжан Қатбаев 85 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бәсекелесіп, бірінші орынды иеленді.

Сонымен қатар Жылдам қимылдайтын арнайы жасағының инспекторы аға сержант Қымбат Ахмет 50 келідегі салмақ дәрежесінде жеңімпаз атанып бірінші орынды иеленді.

Жеңіс тек еңбекпен келеді. Мен осы саланы таңдағаныма, полиция болғанымды мақтан етемін. Спортты серік етіп, ұдайы жаттығып, еліміздің абыройын асқақтату мен үшін үлкен жеңіс. Жарысқа әр мемлекеттен келген спортшылар арасында топ жарып, өзіміздің Әнұранымыз шырқалғанда бойымды сондай мақтаныш кернейді, – деді Қымбат Елеусізқызы.

Алдағы уақытта спорт шеберлері 22-31 шілде аралығында Голландияда өтетін Әлемдік полиция ойындарына қатысатын болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама