×

«Он шақты әйелге күдік түсіп тұр»: анасын іздеген қазақ баласына қатысты тың дерек шықты

Қымбат Досжан бельгиялық отбасы асырап алған қазақ баласының туған жері Арқалыққа барған сапарындағы жаңалықтарын бөлісті.

 Халық үні 09.01.2024 | 23:31
Фото: әлеуметтік желіден

«Бармысың, бауырым?» хабарының жүргізушісі Қымбат Досжан бельгиялық отбасы асырап алған қазақ баласы Жәнібекке қатысты оның туған жері Арқалыққа барған сапарындағы жаңалықтарымен бөлісті.

Ол бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады

«Арқалықтан Астанаға жолға шықтық. Осы сапардың басты мақсаты - қылмыстық іс қозғалды. Он шақты әйелге күдік түсіп тұр. Жәнібектің Қазақстандағы заңды өкілі ретінде қылмыстық іс зерттеліп аяқталмайынша барлық мәліметті жариялауға құқым жоқ. Осы орайда көмек қолын созған Арқалық қаласының әкімі Әмірхан Біркенұлына, қалалық полиция басқармасының басшысы Орал Тумырзаұлына, басқа да полиция қызметкерлеріне, әріптесіміз Бағдат Мұхтарұлына алғысымызды білдіреміз», - деді ол.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама