×

Қаржы министрлігі сыйға тартылған қымбат көлікті сатып жіберген

Көліктің құны – 84,9 млн теңге

 Дәурен Ерболат 09.01.2024 | 16:18
фото: Telegram/protenge

Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов былтыр шілдеде ведомствоға сыйға тартылған қымбат Bentley көлігі туралы пікір білдірді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Bentley көлігі туралы БАҚ-та жарияланған ақпаратты көрдім. Былтыр мемлекетке көлік сыйға тартылған. Ол 40 млн теңгеге бағаланып, сатылды. Қымбат көлік қандай да бір мемлекеттік органға берілмеді. Ол аукцион арқылы сатылып, ақша бюджетке түсті. Бұл өте жақсы деп ойлаймын. Көлікті кім сатып алғанын айта алмаймын, - деді Ержан Біржанов Үкіметтің баспасөз орталығында.

Еске сала кетсек, бұған дейін Telegram-дағы PROTENGE арнасы Қазақстанға 2017 жылы шығарылған Bentley Bentayga көлігі сыйға тартылғанын жазған болатын. Көліктің құны – 83,9 млн теңге. Алайда бұл ақпаратты Қаржы министрлігі хабарламаған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама