×

Бір жылда заңсыз қару айналымының 14 арнасы жойылды

Қолдан жасау бойынша 7 цехтің жұмысы тоқтатылды

 Динара Амантай 09.01.2024 | 10:54
Фото: ҰҚК баспасөз қызметі

2023 жылы Ұлттық қауіпсіздік комитеті полиция және прокуратура органдарымен бірлесіп, заңсыз айналымнан, соның ішінде Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қаруды іздеу және алу бойынша бірқатар жедел-іздестіру іс-шараларын өткізді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Олардың қорытындысы бойынша қарудың заңсыз айналымының 14 арнасы және оны қолдан жасау бойынша 7 цех жойылды.

51 Калашников автоматы, 192 мылтық, 165 тапанша, 45 граната, 2 гранатомет, 4 дана снаряд пен миналар, 7 жарылғыш құрылғы және әртүрлі калибрдегі 36 870 патрон тәркіленді, – делінген ҰҚК хабарламасында.

Қарудың заңсыз айналымына қарсы күрес бойынша іс-шаралар жалғасып жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама