×

Былтыр 1,4 мың шақырымнан астам теміржол жөнделді

Жол жөндеу кезінде отандық өндіріс өнімдері қолданылады

 Динара Амантай 08.01.2024 | 15:30
Фото: primeminister.kz

Былтыр ҚТЖ желісінде жөндеудің барлық түрлерімен 1 мың 443 шақырым жол жаңартылды. Бұл – өткен жылмен салыстырғанда 2 есе көп, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

ҚТЖ баспасөз қызметінің мәліметінше, жалпы көлемнен шамамен 550 шақырым рельсті шпал торы ауыстырыла отырып, күрделі жөндеуден өткізілді. Күрделі жөндеу жұмыстары магистральдық желінің Ақмола, Павлодар, Семей, Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Ақтөбе және Атырау бөлімшелерінің учаскелерінде орындалды.

Күрделі жөндеуден басқа күшейтілген, орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Рельс тіректері үздіксіз ауыстырылды. Бағыттамалық бұрмалардың 634 жиынтығы ауыстырылды.

Жол жөндеу кезінде отандық өндіріс өнімдері қолданылады. Рельстерді Ақтөбе рельс-арқалық зауыты (АРАЗ) шығарады. Жыл сайын «ҚТЖ» ҰК» АҚ мен «АРАЗ» ЖШС арасындағы ұзақ мерзімді шарт шеңберінде магистральдық теміржол желісін жаңғырту үшін 80 мың тоннаға жуық рельс өнімі жеткізіледі. Жөндеу жұмыстары арнайы техниканы қолдана отырып жүргізіледі. ҚТЖ жол шаруашылығында 730-дан астам түрлі машиналар: Duomatic, Unimat MF, түзету-ұсақтау-рихтау машиналары, RM-80, RM-2002, «Atlas» рельсті тегістеу пойыздары және т.б. бар.

Жолды жөндеу бойынша жоспарлы жұмыс теміржол тасымалының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

2024 жылы 1 400 шақырым жолды жөндеу жоспарланған. 2029 жылға дейін 11 мың шақырым теміржол учаскесі жөндеуден өтеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама