×

Израиль Газа секторының солтүстігін толығымен бақылауға алды

Қаза тапқан бейбіт халықтың саны 23 мыңнан асты. Олардың көбі – әйелдер мен балалар

 Дастан Жұмабекұлы 08.01.2024 | 10:34
Фото: Alexi J. Rosenfeld

Израиль әскері Газа секторының солтүстігін толығымен бақылауға алды. Бұл туралы ЦАХАЛ-дың өкілі Даниэль Хагари айтты.

Оның айтуынша, енді Израиль әскері Газаның орталығы мен оңтүстігіне шабуыл жасап, ХАМАС ұйымының қалған топтарын жоюға белсене кіріседі.

Әскери операция бес кезеңнен тұрады. Оның біріншісі – әуеден соққы беру, екіншісі – ХАМАС-тың командирлерінің көзін жою, үшіншісі – Газа секторының жер-жерінде атысты жалғастыру, төртіншісі – барлау операциясын жасап, жасырынған қару-жарақты жою және бесіншісі – тоннельдерді құрту. Біз осылардың бәрін жасадық, – деді ол.

Бұған дейін Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху бірнеше рет ХАМАС-ты толық жойғанша тоқтатпайтынын айтып, әскери операция Газа секторының барлық жерін қамтитынын мәлімдеген болатын.

Палестина Денсаулық министрлігінің мәліметіне қарағанда, Израильдің Газа секторына соғысының салдарынан қаза тапқан бейбіт халықтың саны 23 мыңнан асты. Олардың көбі – әйелдер мен балалар.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама