×

Павлодар облысында шахтаға құлап кеткен автобус табылды

Павлодар облысында шахтаға құлап кеткен автобус табылды

 Халық үні 08.01.2024 | 07:25
Фото: pavlodarnews.kz

Павлодар облысында шахтаға құлап кеткен автобус табылды. Бұл туралы облыс әкімі Асайын Байханов әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

«Біз «Майқайың-алтын» АҚ тау-кен ауданындағы опырылған жерде іздестіру жұмыстарын жалғастырудамыз. Бүгін таңертең «АК Алтыналмас» АҚ (Балқаш қ.) мамандары мен ТЖД құтқарушылары кран орнатып, бос орындарды, металды немесе басқа да ауытқуларды анықтау үшін жергілікті жерді геосканерлеу жүргізді. Сканерлеу сағат 15.30-да аяқталды. Нәтижелері өңделіп, шамамен автобустың орналасқан жері анықталды. Оның жоғарғы бөлігіне дейінгі тереңдік шамамен 5-7 метрді құрайды», - деп жазды ол.

Оның айтуынша, сағат 20.00-де штабтың отырысын өткізіп, автобусқа дейін жетуі тиіс шағын экскаваторды шұңқырға түсіру үшін траншея дайындау жұмыстарын және құтқарушылардың іс-қимылдарын күшейту туралы шешім қабылданды.

Жоғалған адамдарды іздестіру тәулік бойы, бір минутқа да тоқтамай жүргізілуде. Іздестіру жұмыстарына барлығы 136 адам, 41 бірлік техника, 3 кинологиялық есеп және 2 дрон жұмылдырылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама