×

Пілдің азу тістерін Қазақстаннан Қытайға өткізбек болғандар ұсталды

Тәркіленген өнімнің салмағы – 5 тонна. Мамандардың айтуынша, оның құны бір миллиард теңгеден асады

 Халық үні 25.05.2022 | 05:19
Фото: tengrinews.kz

Қазақстаннан Қытайға піл мен мүйізтұмсықтың азу тістерінің ірі партиясын заңсыз алып өтпек болғандар қолға түсті. Бұл туралы еліміздің Бас көлік прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады.

Қытай Халық Республикасына піл мен мүйізтұмсық тістерін заңсыз алып өтпек болғандар ұсталды. Тәркіленген өнімнің салмағы – 5 тонна. Мамандардың айтуынша, оның құны бір миллиард теңгеден асады», - деп хабарлады прокуратура.

Ежелгі жануарлардың сүйегі Қазақстанға Якутиядан (Ресей) әкелінгені белгілі болды. Қазақстан азаматы заттарды әкетуге лицензия алу үшін аккредитациясынан айырылған ресейлік маманның көмегіне жүгінген.

Бас көлік прокуратура ресейлік әріптестерімен бірге сотталушының кінәсін дәлелдеді. Нұр-Сұлтан қаласындағы Сарыарқа ауданының №2 соты сотталушыны 4,6 жылға бас бостандығынан айырды.

Тістердің негізгі бөлігі Қазақстан Ұлттық музейіне берілсе, қалған бөлігі заңды иелері – якут кәсіпкерлеріне қайтарылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама