×

Елімізде көліктің ерекше нөмірлері қымбаттай түсті

Ең қымбат нөмірлерге 001, 002, 003, 777 жатады

 Еркеғали Болатұлы 05.01.2024 | 11:36
фото: Halyq Uni

Елімізде көлік нөміріне арналған мемлекеттік баж салығы өсті. Баға 1 миллион теңгеге дейін жеткен. Бұл туралы 31 арна хабарлады.

Сонымен, биылдан бастап қарапайым нөмірлердің бағасы 10 337 теңге болады. Ал 010, 020, 030, 040, 077, 707 сияқты арнайы нөмірлердің ең арзаны 210 444 теңгеден басталады.

Біркелкі сан мен біркелкі әріптен тұратын нөмірлердің құны 2 есе, яғни 420 888 теңгеге қымбаттаған. Ал 100, 111, 200, 222, 300, 333 дегендей VIP нөмірлер үшін 505 804 теңге салық төлеуге тура келеді. Егер осы сандарды бірдей әріппен алғыңыз келсе, ол 716 248 теңге тұрады.

Еліміздегі ең қымбат нөмірлерге 001, 002, 003, 777 жатады. Ондай нөмірлер 1 052 220 теңге тұрады.

Бүгінде көліктің мемлекеттік нөмірлерін онлайн рәсімдеуге болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама