×

Медина, Айша, Хамза: 2023 жылы елімізде ең көп қойылған есімдер белгілі болды

Ұлдар арасында Хамза есімі Рамазан есімін ығыстырды

 Халық үні 04.01.2024 | 19:50
фото: congerdesign

2023 жылы туған нәрестелерге ең көп қойылған есімдер 2022 жылмен салыстырғанда айтарлықтай өзгеріске ұшыраған жоқ. Қыздарға ең жиі қойылған 10 есім тізімі өзгеріссіз қалса, ұлдар арасында Хамза есімі Рамазан есімін ығыстырып, алғашқы ондыққа кірді. Бұл туралы ҚР Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметі хабарлады. 

2023 жылдың танымал 10 есімі 

Ұлдар арасында Алихан, Омар, Амир, Алдияр, Айсұлтан, Алан, Али, Нұрислам, Мухаммад, Хамза есімдері ең көп қойылған. 

Қыздар арасында Медина, Айша, Айлин, Асылым, Сафия, Томирис, Раяна, Амина, Аяла, Айым есімдеріне қызығушылық жоғары болып тұр. 

Аталған тізімді 2013 жылмен салыстыратын болсақ, Алихан, Амир және Нұрислам есімдері ұлдар арасында әлі де танымал. Қыздар арасында Айша мен Амина есімдері жиі қойылатын есімдер қатарынан он жыл бойы түспей келеді. 

2013 жылдың танымал 10 есімі 

Ұлдар арасында Ерасыл, Алихан,Санжар, Нұрасыл, Мирас, Артем, Нұрислам, Амир, Арсен, Рамазан есімдері танымалдылыққа ие болған. 

Қыздар арасында Айзере, Айару, Кәусар, Інжу, Айша, Аружан, Аяулым, Амина, Іңкәр, Диана есімдері жиі қойылған. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама