×

Биыл әлеуметтік еңбек саласына 5 трлн 456 млрд теңге бөлінбек

Әлеуметтік төлемдердің 41 түрі төленеді

 Динара Амантай 04.01.2024 | 09:47
Фото: Halyq Uni

Биыл әлеуметтік еңбек саласына республикалық бюджеттің шығыстары үшін шамамен 5 трлн 456 млрд теңге қарастырылған. Бұл – 2023 жылғы шығыстардан 16,3% артық (шамамен 4,7 трлн теңге), деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Көзделген шығыстардың 98,2%-ы немесе 5 трлн 355,5 млрд-ы 2,4 млн зейнеткерге зейнетақы және 2,2 млн-ға жуық адамға жәрдемақы төлеу үшін бағытталатын болады.

Бұрын хабарланғандай, бүгінде республикалық бюджет қаражаты есебінен базалық және ынтымақты зейнетақыны қоса алғанда, әлеуметтік төлемдердің 41 түрі төленеді.

2023 жылы 4,4 млн адамға жәрдемақылар мен зейнетақыларды төлеуге, оның ішінде 2,3 млн зейнеткер мен 2,1 млн мемлекеттік жәрдемақы алушыға 4 трлн 689,3 млрд теңге жұмсалды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама