×

Алматыда 12 мұз айдыны тегін болады

Мұз айдындары тәулік бойы ашық

 Динара Амантай 03.01.2024 | 17:36
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің бапасөз қызметі

Алматыда қала тұрғындары мен қонақтарына арналған 12 мұз айдыны жұмыс істеп тұр, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Қала әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, қазір шаһарда 8 мұз айдыны ашылған. Тағы төртеуі қаңтарда іске қосылады. Ауа райының жылы болуына байланысты мұз айдындары мұздың дайын болғанына қарай ашылады.

Кіру тегін. Конькиді сол жерден жалға алуға болады. Жалға алу құны – 1 мың (2 сағат) теңге. Өзіңіздің конькиіңізбен сырғанау толықтай тегін. Жалға беру пункттері жұмыс күндері 10:00-ден 22:00-ге дейін және демалыс күндері 10:00-ден 23:00-ге дейін жұмыс істейді.

Мұз айдындары тәулік бойы ашық.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама