×

Талдықорғанда қатты жарылыстың дауысы естілді (ВИДЕО)

Әлеуметтік желі қолданушылары түрлі болжамдарды жарыса жазып жатыр

 Думан Қырықбаев 24.05.2022 | 20:46
фото:gov.kz

Бүгін кешке Талдықорғанда қатты жарылыстың дауысы естілді. Дүмпудің толқыны тіпті, 35-40 шақырым жердегі Текелі қаласына дейін жеткен.

Шошынып қалған тұрғындар нақты не жарылғанын білмей әлек. Әлеуметтік желі қолданушылары түрлі болжамдарды жарыса жазып жатыр. Бірі әуежай аумағында әскери ұшақ құлады десе, енді бірі газ құю бекеті күл талқан болды, - деп халықтың ойын сан-саққа жүгіртуде.

Ал, кейбір дереккөздердің мәліметінше, Талдықорған қаласының маңындағы тауда, яғни, карьерде жарылыс жұмыстары жүргізілген көрінеді. Алайда, бұл ақпарат та расталмады. Салаға жауапты мекеме қандай да бір жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат бермеген екен.

Бұл жағдайға байланысты, Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді.

«Жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес майдан авиациясының ұшқыштары биікте аса жылдамдықпен ұшуларды орындауда. Мұндай ұшулар кемінде 11000 метр биіктікте іске асырылады. Барынша жылдамдыққа ұшу, ұшақпен дыбыстық тосқауылды еңсеру кезінде жерге тарсылдаған дыбыстар естілуі мүмкін», – делінген хабарламада.

Сонымен қатар ұшқыштардың және жердегі адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ екені де нақтыланады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

Қаржы пирамидасына қай өңір тұрғындарының жиі алданатыны айтылды

Онда 12 қаржы пирамидасынан 20 мыңнан аса адам зардап шеккен
30.03.2023 | 16:23

Алматы облысында 8 жасар ұлды зорлаған жасөспірімдер ұсталды

Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр
30.03.2023 | 16:00

«Нұрбанк», Halyk Bank... Қазақстандық 6 қаржы ұйымы мемлекеттен көмек алған

Олардың балансындағы проблемалық активтер мен өте үлкен шығындар деңгейі анықталды
30.03.2023 | 15:30

Қарағандыда моншадан өрт шықты

Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ
30.03.2023 | 15:20