×

Жапонияда ұшақ апатқа ұшырады, қаза тапқандар бар

Бортта болған барлық 400 адам эвакуацияланған

 Халық үні 03.01.2024 | 07:20
Фото: shutterstock

Жапония астанасының әуежайында жолаушылар лайнері мен көлік ұшағының соқтығысуынан экипаждың 5 мүшесі қаза болғаны расталды, деп хабарлайды 24.kz. 

Сайттағы мәліметтерге қарағанда ұшақта болғандардың барлығы жағалау күзеті ұшағының экипаж мүшелері.

Арасында бір адам ғана аман қалған. Ол – әуе кемесінің капитаны. Қазір ол ауыр жарақатпен ауруханада жатыр. Ал Japan Airlines кемесіндегі жолаушылар арасында қаза тапқандар жоқ. Жергілікті билік бортта болған барлық 400 адам эвакуацияланғанын мәлімдеді.

Апатқа не себеп болғаны белгісіз.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама