×

Астанада фейерверк адамдарға тиді (ВИДЕО)

Пиротехника Бейбітшілік және келісім сарайы жанындағы саябақта атылған

 Халық үні 02.01.2024 | 23:56
фото: әлеуметтік желіден

Астанада атылған отшашу адамдарға тиді. Әлеуметтік желіде оқиғаның видеосы тарады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Пиротехника Бейбітшілік және келісім сарайы жанындағы саябақта атылған. Фейерверк жермен домалап жарылды. Сол жерден өтіп бара жатқан балаларға тиген. Олар анасымен бірге қарға жатып қалған. Пиротехника сырғанақ теуіп жүргендерге де тиді.

Астана полициясы тексеріс өткізіп, пиротехниканы тыйым салынған жерде атқан қала тұрғынын анықтады. Ол Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 436-бабы, 2-бөлігі (Пиротехникалық бұйымдарды елдi мекендерде және бұл үшiн бөлiнбеген орындарда қолдану) бойынша жауапқа тартылды.

Барлық материал Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша мамандырылған ауданаралық сотына жіберілді. Сол жерде тиісті шешім қабылданады, - дейді полицейлер.

Айта кетері, мұндай тәртіп бұзушылық үшін 20 айлық есептiк көрсеткiш (73 840 теңге) мөлшерiнде айыппұл қарастырылған.

 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама