×

Солтүстік Қазақстанда тұрғын үй өртеніп, 13 адам құтқарылды

Олардың арасында 2 бала бар

 Халық үні 02.01.2024 | 17:56
Фото: СҚО ТЖД

Мағжан Жұмабаев ауданында тұрғын үй өртеніп, 13 адам қауіпсіз жерге көшірілді, деп хабарлады СҚО ТЖД қоғаммен байланыс тобы.

1 қаңтарда 13:21-де өрт туралы ақпарат түскен. Мамандар оқиға орнына 5 минутта жетіп, өртті сөндіруге кіріскен.

Нұрсұлтан Шунгульшин мен Ерлан Мыжиканов атты өрт сөндірушілер 7 адамды (4 әйел мен 3 бала) құтқарды. Өрт сағат 13:50-де толық сөндірілді. Оқыс оқиғадан қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ, - деп жазылған хабарламада.

Өрт сөндірушілер жанып жатқан пәтерден 27 литр болатын газ баллонын шығарды.

Сол үйде тұратын аға лейтенант Ғалымжан Байбусин мамандар келгенге дейін қолда бар құралымен өртті сөндіруге тырысқан әрі адамдарды эвакуациялауға көмектескен.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама