×

Францияда жұрт бір түнде 745 көлікті қасақана өртеген

Ол елде осындай оқиға жыл сайын қайталанып тұрады

 Еркеғали Болатұлы 02.01.2024 | 14:26
фото: bangkokbook.ru

Францияда жаңа жыл түні 745 көлік өртенген. Осыған байланысты 380 адам қамауға алынды.

Жалпы, ол елде осындай оқиға жыл сайын қайталанып тұрады. Әдетте көліктерді жастар қасақана өртейді.

Дегенмен, бұл жолы мұндай оқиғалар былтырғымен салыстырғанда 10 пайыз аз болған көрінеді. Өйткені қазір қауіпсіздік шаралары күшейтілген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама