×

Мемлекет басшысы елімізде бұқаралық спорт қарқынды дамып келе жатқанын айтты

2024 жылы Қазақстанда Дүниежүзілік көшпенділер ойыны өтеді

 Динара Амантай 01.01.2024 | 13:30
Фото: Жетісу облысының әкімдігі

Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Жаңа жылмен құттықтады. Ол құттықтау сөзінде жастарды спортқа баулудың маңызды екенін атады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Мемлекет басшысы елімізде кәсіби спортпен қатар, бұқаралық спорт қарқынды дамып келе жатқанын атады. Әсіресе, балалар дене шынықтырумен белсенді айналысатын болды. Сол себепті мемлекет ауылдық және қалалық жерлерде жаңа спорт нысандарын салып жатыр.

Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы жылы елімізде Дүниежүзілік көшпенділер ойыны өтетін мәлімдеді.

Келесі жылы ұлтымыздың тарихына байланысты бірқатар іс-шара өткізіледі. Халқымыздың тұлғаларын есте сақтап, олардың еңбегін дәріптеу – ұрпақ парызы. Сондай-ақ алдағы жылы елімізде Дүниежүзілік көшпенділер ойыны өтеді. Спортшыларымыз Жазғы олимпиадаға қатысады. Түптеп келгенде, әр азамат өз саласының нағыз маманы болуы керек. Сонда ғана Отанымыз өсіп-өркендейді, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама