×

Ақтаудағы аққулар құс тұмауынан қырылып жатыр

Өлекселерден экологтар сынама алды

 Еркеғали Болатұлы 31.12.2023 | 14:40
фото: inaktau.kz

Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы Ақтау маңындағы Қаракөл көлінің маңынан табылған 30 аққудың өлімі себебін атады.

Қарақия-Қаракөл табиғи резерватының инспекторлары 21 желтоқсанда күзет жұмыстарын жүргізу кезінде аққулардың өлексесін тапқан болатын. 23-24 желтоқсанда көл маңынан тағы бірнеше құстың өлексесі табылды.

Аққулардың бұлай қырылуының себебін анықтау үшін экологтар сынама алды.

Ветеринариялық іс-шаралардың қорытындысы бойынша өлген құстардың өлекселерінен алынған сынамалардан құс тұмауының вирусы анықталды. Қазір Қаракөл көліндегі жағдай тұрақты. Мемлекеттік инспекторлар қорық аумағын бақылауда, - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама