×

Қазақстанның 13 облысында дабылды ескерту жарияланды

Ұлытау, Абай, Қарағанды, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ, Солтүстік Қазақстан облысында баяу бұрқасын күтіледі.

 Халық үні 30.12.2023 | 21:43
Фото: yandex.ru

31 желтоқсанда еліміздің 13 облысында дабылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК. 

Ұлытау, Абай, Қарағанды, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ, Солтүстік Қазақстан облысында баяу бұрқасын күтіледі.

Маңғыстау, Қостанай, Атырау облыстарында тұман, Батыс Қазақстанда тұман, көктайғақ, Қызылорда облысының солтүстігінде тұман, облыс орталығында түнде солтүстікте көктайғақ күтіледі. 

2023 жылғы 30-31 желтоқсанда Алматы қаласының Үлкен және Кіші өзендерінің бассейндерінде жауын-шашынға және тұрақсыз қар жағдайына байланысты қар көшкіні жүруі мүмкін.

31 желтоқсан-2 қаңтарда Жетісу облысының Алакөл көлі маңында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с болады. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама