×

Елордада қалалық қызметтер күшейтілген жұмыс режиміне көшті

Тәулігіне 20 мың текше метр қар шығарылды

 Динара Амантай 30.12.2023 | 12:04
Фото: Астана қ. әкімдігінің баспасөз қызметі

Ауа-райының қолайсыздығына байланысты Астананың барлық коммуналдық және мердігерлік ұйымдары күшейтілген режимдегі жұмыс тәртібіне көшті, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала бойынша сапарлардың маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды.

Тәулігіне 20 мың текше метр қар шығарылды. Жолдарды қардан шығару және тазарту кезінде 1 мыңға жуық техника пайдаланылды. Қарды қолмен тазалауға 18 мыңнан астам жұмысшы жұмылдырылды. Қарды шығару жұмыс күндері, демалыс және мереке күндері тәулік бойы жүргізіледі.

«Қазгидромет» РМК деректері бойынша, Астанада 30 желтоқсанда қар, боран, көктайғақ, екпіні 28 м/с дейін жел күшейеді деп күтіледі.

Ауа-райының күрт нашарлауына байланысты Астана әкімдігі қала тұрғындары мен қонақтарынан көшеде жүргенде өте мұқият және сақ болуды, алыс сапарларға шықпауды сұрайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама