×

Ақшаны заңсыз шығарумен күрес: Қазақстан рейтингте БАӘ, Қытай, Түркияның алдына шықты

Рейтинге еліміз 100-ден аса елді артта қалдырды

 Дәурен Ерболат 29.12.2023 | 12:55
Фото: ielrblog.com

Basel AML Index рейтигінде Қазақстан 4,71 ұпай жинап, позициясын 27 тармаққа жақсартты, деп хабарлады Қаржылық мониторинг агенттігі.

Бұл – еліміз үшін 2012 жылдан бергі рейтинг тарихындағы ең жоғарғы нәтиже. Қазақстан рейтингте Қытай, Түркия, БАӘ, Сербия, Болгария, Венгрия, Румыния, Катар, Бахрейн және Сауд Арабиясын артқа тастады.

Тәуекел деңгейі ең төмен үздік 5 елге Исландия, Финляндия, Эстония, Андорра және Швеция кірді.

Айта кетейік, Basel AML Index рейтигі ақшаны жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы күресте ең беделді дереккөз саналады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама