×

Тағы бір Ресей спортшысы Қазақстан азаматтығын алады

Паспорт алуға құжаттарын тапсырды

 Дастан Жұмабекұлы 29.12.2023 | 12:19
Фото: https://t.me/RRaketkasi

Азия теннис федерациясының (ATF) президенті Юрий Польский әлемнің 48-ракеткасы Александр Шевченконың Қазақстан азаматтығын алатынын растады.

Шевченконың Қазақстан үшін ойнағысы келетініне көп болды. Ол Қазақстан азаматтығын алу туралы өтініш берді. Александр көптен бері Словакияда жаттығып жүр. Ол біздің ойыншыларымызды жақсы біледі. Бізде теннистің жүйелі түрде жолға қойылғанын, команданың әр мүшесіне көзқарас ерекше екендігін түсінеді. Сондықтан оны өз қатарымызға алғымыз келеді. Барлық құжаттар дайын деуге болады. Паспорт алуға құжаттарын тапсырды, – деді федерация президенті.

Оның айтуынша, таяу уақытта бұл мәселе қаралып, ол АТР жарыстарына Қазақстан атынан қатысады. Бірақ ұлттық құрама сапында Александр Шевченко азаматтық алғаннан соң 2 жылдан кейін ғана ойнай алады. ATF-тағы жалпы тәртіп осындай.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама