×

Адай жылқыларының 6 түрі жаңа ұлттық бренд ретінде тіркелді

Бүгін патенттер беру туралы мәліметтер ресми бюллетеньде жарияланды  

 Динара Амантай 29.12.2023 | 11:50
Фото: Әділет министрлігінің баспасөз қызметі

Бүгін Әділет министрлігі Адай жылқыларының 6 түрін жаңа ұлттық бренд ретінде тіркеді. Бұл туралы Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді.

Кеше Әділет министрлігінің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК Ауыл шаруашылығы министрлігі Апробация жөніндегі мемлекеттік комиссиясының қорытындысы негізінде селекциялық жетістікке 6 патент беру туралы шешім қабылдады және селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізілімінде тіркеді.

Осының негізінде Адай жылқысының жаңа тұқымдарын Қазақстан Республикасының селекциялық жетістігі ретінде тіркеу және патент иеленушінің селекциялық жетістікті пайдалануға айрықша құқығын, оның басымдығы мен селекционердің авторлығын куәландыратын патенттер берді.

Бүгін патенттер беру туралы мәліметтер ресми бюллетеньде жарияланды.

Еске сала кетсек, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Маңғыстау облысына сапарының қорытындысы бойынша Үкіметке Адай асыл тұқымды жылқысын ғылыми тұрғыдан дәлелдеу және өсімін молайту бойынша жедел жұмыс жүргізу туралы тапсырма берілген болатын.

Адай жылқысының жаңа тұқымдарына патент алу оны одан әрі сақтауға, іріктеуге және Қазақстан Республикасының Ұлттық брендін дамытуға ықпал ететін болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама