×

Алматы автопаркіне газбен жүретін жаңа автобустар қосылды

Қазір қалада орта есеппен тәулігіне 1,5 млн жолаушы қоғамдық көлікпен жүреді

 Дастан Жұмабекұлы 29.12.2023 | 10:26
Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Алматы коммуналдық автопаркіне қала әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасымен биыл сатып алынған газбен жүретін жаңа автобустар келіп жатыр.

Almaty.tv-нің хабарлауынша, жазда жолға 100 жаңа автобус шыққан. Қазір тағы 500 жаңа автобус рәсімделіп, автопарктің қатарына қосылады. Олар дайын болған кезде жолаушылар ең көп жүретін маршруттарға шығады. Мысалы, 2024 жылдың қаңтарында №63, №28, №14, №92, №120, №120А, №79, №50 және басқа да автобустар жүретін маршруттарды күшейту жоспарланған.

Бұған қоса, троллейбус паркіне 100 троллейбус сатып алынды. Қазір олар жолаушылар тасымалына шыққан. Әрі жеке тасымалдаушылар тұрақты негізде жаңа автобустарды сатып алып жатыр. Биыл 550 автобусқа арналған жылжымалы құрам жаңартылды. Осылайша, 2023 жылдың соңына қарай қоғамдық көліктің экологиялық отын түріндегі үлесі 53%-ға жетті, – деп хабарлады Almaty.tv.

Еске сала кетсек, биыл жыл басынан бері 22 жаңа бағыт ұйымдастырылып, 205 автобус тартылып, 364 автобус есебінен 24 маршруттағы көлік жаңартылды. Қазір қалада орта есеппен тәулігіне 1,5 млн жолаушы автобустың қызметін пайдаланады. Осы кезге дейін 1,2 млн адам қоғамдық көлікпен жүрген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама