×

Мереке күндері Астанада автобустар қалай жұмыс істейді?

Жолаушылар ақпаратты ескеруге тиіс

 Дәурен Ерболат 29.12.2023 | 09:25
Фото: AP Photo / Sergei Grits

30-31 желтоқсанда елордада автобустар демалыс күнінің кестесі бойынша қатынайды, деп хабарлады CTS компаниясы.

  • 30-31 желтоқсанда Астанада қоғамдық көліктер таңғы 06:00-ден түнгі 23:00-ге дейін жұмыс істейді.
  • 1 қаңтарда сағат 06:00-ден 10:00-ге дейін автобустардың 50%-ы жүреді. Сағат 10:00-ден кейін автобустар штаттық режимдегі кестеге сәйкес, сағат 23:00-ге дейін қатынайды.
  • 2 қаңтарда қоғамдық көліктер сағат 06:00-ден кешкі сағат 23:00-ге дейін қатынайды.
  • 3-12 қаңтар аралығында қоғамдық көлік сенбі кестесі бойынша жүреді.
  • 3 қаңтардан бастап қала маңындағы маршруттар бекітілген кестеге сәйкес, штаттық режимде қатынайды.

Астаналықтар мен қала қонақтары автобус қызметін пайдаланар алдында осы ақпаратты ескеруге тиіс.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама