×

Сот «НеМолчи.kz» қорының жетекшісін екі айға қамауға алуға рұқсат берді

Дина Таңсәрінің қылмыстық іс бойынша әрекеті қылмыстық кодекстің 190-бабының 4-бөлігінің 2-тармағымен сараланып, оған мемлекетаралық іздеу жарияланған.

 Халық үні 28.12.2023 | 21:33
фото: әлеуметтік желіден

Өскемен қаласының тергеу соты «НеМолчи.kz» қорының жетекшісі Динара Смайылованы (Дина Таңсәрі) екі айға қамауға рұқсат етті.

Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасының мәліметінше, 16 қазанда Өскемен қалалық ІІБ Смайыловаға қатысты алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

«28 желтоқсан күні Өскемен қаласының мамандандырылған тергеу соты Д.Б.Смайыловаға қатысты қамауға алынған күннен бастап екі ай мерзімге «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасын тағайындады», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін Дина Таңсәріге неліктен іздеу жарияланғаны белгілі болды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама